Сауд Арабиясы билігі Мекке қаласында бола жаздаған террорлық шабуылдың алдын алғандығын хабарлады.
Сауд Арабиясы құқық қорғау органдарының мәліметінше, белгісіз адам полиция ол отырған ғимаратты қоршауға алғанда өз-өзін жарып жіберген. Жарылыс салдарынан 11 адам жарақат алған.
Мекке полициясының болжамынша жанкешті әль-Харам мешітіне лаңкестік шабуыл жасамақ болған. Бірақ жергілікті құқық қорғау органдары жарылыстың алдын алған.
Қазіргі таңда полиция әль-Харам мешітіне террорлық шабуыл жасамақшы болды деген күдікпен бес адамды ұстаған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы