Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен ШҚО әкімдігінің әріптестігі екі қаланың жылу беру мен көшені жарықтандыру пробемаларын шешуге көмектеседі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Өскемен қаласының жылу беру жүйесін модернизациялау үшін 5 млрд теңгеден артық қаражат қажет. Шамамен осыншама қаражат көшені жарықтандыру жүйесін жаңартуға керек.
"Облыс орталығының жылу беру жүйесін модернизациялау үшін қажетті 5,24 млрд. теңгенің 3 миллиардын Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі құрайды. Қаражыттың қалған бөлігін (1,8 млрд. теңге) ҚР Үкіметі бөлсе, 200 миллион теңгені ШҚО әкімдігі бөлетін болады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Жобаның іске асырылу арқасында, жылу құбырларындағы апаттар санын қысқартуға және жылудың жоғалуын азайтады деп күтілуде. Ал Семей мен Өскемен қаласының көшелерінде орналасқан шамдарды ауыстырудың нәтижесінде электрқуатына кететін шығындар азайтуға септігін тигізеді.
ШҚО мен банк басшылығы аймаққа қажет жобаларды іске асыруға арналған келісім-шарттарға қол қоюға әзірленіп жатыр.