Ресей Сириядағы қарулы жасақтарын азайту шешімін жасады, деп хабарлайды "The Qazaq Times" порталы.
Сүрия дағдарысының оңтайлау үшін Астанада өткізу жоспарланған жиналыстың уақыты жақындаған кезде, Ресей Сүриядағы әскер күшін азайту шешімін жасады. Бұны Ресей Бас штаб бастығы Валерий Герасимов жариялады.
Осы шешім бойынша алғашқы сатыда Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі Кузнецов авиаматкасы және оған қарасты флот еліне қайтады.
Ресейдің Сүриядағы күштерінің қолбасшысы Андрей Картаполов та Кузнецов ұшақ кемесінің екі айдан бергі Сүрия жағажайында орын алған нысандарға байланысты 1252 әрекет еткенін айтты.
Ресей Федерациясы президенті Владимир Путиннің бұйрығымен шегіну операциясы басталды.
Путин Сүрияда 30 желтоқсан күні Түркия мен Ресей бірлескен атысты тоқтату әрекетінен кейін осы елдегі орыс әскери жасақтар санының азайтуын талап еткен еді.
Дегенмен шегіну операциясы жасалған кезде Кузнецов ұшақ кемесінен ұшқан реактивті ұшақтар құрлықтағы нысандыатқылауды.
"The Qazaq Times"