Террористер Оңтүстік Еуропадан бастап Орталық Азияға дейін халифат құрғылары келеді. Бұл жайында РФ басшысы Владимир Путин америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында айтқан.
Путин Стоунға берген сұхбатында: «Олар қазірдің өзінде үлкен күшке ие. Өйткені олар заңсыз мұнай өндіруден, бағалы музей заттарын сатудан қыруар қаржыға ие болып отыр. Оның үстіне террорлық ұйымдарды сырттан қаржыландыратын елдер бар. Олар осы арқылы Оңтүстік Европадан бастап Орталық Азияға дейін халифат құруды жоспарлап отыр. Біз оларға бұны істеуге жол бермеуіміз керек.» - деді.
Бұдан бөлек Владимир Путин Сүрияға байланысты: «Біз қазірдің өзінде көріп отырмыз Ирак пен Ливияда не болғанын. Бұл аумақтағы өзгеде мемлекеттердің жағдайы мәз емес. Ирак пен Ливияда болған дүние трагедия. Бұл елдерде болған жағдай билікті күшпен алып тастау ғана емес бұл ел билігін тұп тамырымен жойып жіберу. Біз бұндай жағдай Сүрияда қайталанғанын қаламаймыз. Егерде Сүрияда бұндай жағдай болатын болса, бұл аумақта толықтай хаос орнайды. Сіз білесізбе әлемнің кез келген діні зұлымдықты насихаттамайды. Исламда сол сияқты, оның ішінде көптеген тармақтары бар оның бірі шейттер, бірі сүнниттер. Біз көріп отырмыз олардың арасында тамыры тереңге кететін қарсылық бар. Бірақ менің ойымша бұның да болашақта шешімі табылады.», – деді.
Владимир Путиннің айтуынша қазіргі таңда «Ислам мемлекеті» лаңкестің ұйымының қатарында 80 мың адам бар. Олардың 30 мыңы әлемнің 80 мемлекетінен келген жиһадшылар.
Владимир Путин Оливер Стоунның «Мәскеу халифат болмай ма?» - деген сұрағына «Біз бұған жол бере қоймаспыз. Сіздер дұрыстап қараңыздар Вашингтон халифат болып кетпесін.» - деп жауап берген.