Сауд Арабиясының шығысындағы шиіттер көбірек тұратын Катиф аймағында соңғы кездері лаңкестік шабуылдар жиі туылуда деп хабарлайды «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты.
Әл-Катиф қаласында осыдан бір күн бұрын лаңкестік шабуыл орын алды. Қаладағы қарулы күштердің көлікті күзет-барлау қызметіндегі бір бөлімшеге жасалған шабуылдан бір адам қаза болып, екі адам жараланған.
Сауд Арабиясының ІІМ жасаған мәлімдеме бойынша, бұл лаңкестік шабуыл ретінде тіркеліп, қаладағы күзет қызметі күшейтілген. Жаралы болған әскерилер емдеуге алынған. «Парс.Ақпараттың» хабарлауынша шабуыл көлікке бомба қою арқылы жасалған. Бұл ақпарат көздері бойынша, елдің шығысын мекендеген шиіттерге қысым жасау үшін арнайы ұйымдастырылған деген де пікір бар.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау