Болгария президенті Румен Радев Болгрияның азат ел атанғанына 140 жыл толуына орай өтетін салтанатты шараға Ресей басшысы Владимир Путинді шақыратынын мәлімдеді.
«Жақын уақытта мен РФ президенті Путинмен сөйлесемін. Сол кезде Болгрияның Осман империясы езгісінен құтылғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылатын шараға шақырамын.» деді Румен Радев BTV телеарнасына берген сұхбатында.
Бұдан бөлек Румен Радев осыған байланысты кейбір депутаттардың айтқанына қосылмайтынын, солар үшін ел тарихына қарсы келгісі келмейтінін айтқан.
Бұған дейін Радевтің Болгария тәуелсіздігінің 140 жылдығына Ресей президенті Владимир Путинді шақыруына бір қатар саясаткерлер мен Болгарияның бұрынғы президенті Росен Плевнелиев өз қарсылықтарын білдірген болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі