Morgan Stanley агенттігі АҚШ-тың алдағы төрт жылдағы автокөлік сатылымына қатысты болжамын төмендетті. Осы жаңалықтан кейін америкалық автоөндірушілердің, жеткізушілер мен дилерлердің акциялары күрт төмендеп кеткен.
"2020 жылға дейін автоиндустирия саласында айтарлықтай құлдырау болады", - деп жазған автонарық сарапшысы Адам Джонас өзінің клиенттеріне таратқан хабарламасында.
Оның болжауынша, автокөлік сатылымының орташа көлемі бір жылда 17,3 млн көлікті құрайды. Бұдан бұрын ол 18,3 млн болады деген. Ал 2018 жылғы болжам мүлде төмен. Бұл жылы 18,9 млн көліктің орнына 16,4 млн ғана көлік сатылуы мүмкін. 2019-2020 жылдары көрстекіш мүлде 15 миллионға дейін төмендейді деп болжанып отыр.
Нарыққа мұндай болжам жасалу себебі - өткен айда АҚШ-тағы автосатылым көрсеткіші өте төмен болған (0,6 пайызға кеміген). Мамыр айында 1 млн 509 мың 633 көлік сатылған. Нарықтағы көрсеткіш осымен 5-ші ай қатарынан төмен болып отыр. 2017 жылдың қаңтар-мамыр айында штатта 6 млн 937 мыңнан аса көлік сатылған және бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2%-ға төмен.
Morgan Stanley сарапшыларының мәліметінше, соңғы уақытта жүргізілген көліктердің бағасы арзандап, автобқлшектер қымбаттаған. Ал Автоөндірушілер болса клиенті өзіне тару үшін барынша жеңілдіктер жасауда. Ал бұл табыстың түсуіне кедергі болып отыр. Сондай-ақ, электромобильдердің пайда болуы да дәстүрлі автоиндустрия нарығына кері әсер етіп отыр.