Бүгін түнде Жапония америкалық GPS-ке балама бағдарламаға арналған құрылғыны орнату үшін ғарышқа тасымалдаушы зымыранды ұшырды. Бұл GPS-тегі көптеген қателіктердің алдын алып, адамның көмегінсіз басқарылатын автокөліктерга қолданылатын болады.
Жапонияның аэроғарыштық зерттеу станциясы мен Mitsubishi Heavy Industries компаниялары бірігіп 2018 жылдың көктеміне дейін жүйені толықтай іске қосу үшін тағы екі жер серігін ұшыруды жоспарлап отыр.
Жапония бүгінде GPS-ті қолдануда. Бірақ бұл жүйе көбіне ондаған метрлерге дейін жаңылысып, геопозицияны нақты анықтауда қателіктер жіберіп жатады. Ал жапониялықтар бұл қателіктерді болдырмайтын жүйені іаске қоспақ.