Шанхай ынтымақтастық ұйымының қатарына Үндістан мен Пәкістанның кіруі ұйымның халықаралық терроризммен күресте күшін артырады деді РФ СІМ орынбасары Игорь Моргулов.
Бұған дейін ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимов РИА Новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, Үндістан мен Пәкістан биыл маусым айында Астанада өтетін ШЫҰ саммитінде ұйымға мүшелікке қабылданады деп мәлімдеген болатын.
Шанхай ынтымақтастық ұйымын 2001 жылы Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдері басшылары құрған. 2016 жылы Өзбекстанда өткен саммитте Үндістан мен Пәкістанды ұйымға қабылдау жөнінде мемарандумға қол қойылған.
Қазіргі таңда Белоруссия, Монголия, Ауғанстан, Иран елдері ұйымға бақылаушы ретінде ғана қатысуда. Ал Әзербайжан, Камбоджа, Армения, Непал, Түркия, Шри-Ланка мемлекеттері стратегиялық маңызға ие әріптестер қатарында.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау