KAZNEWS - Нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтық экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің бәсекелік қабілетін арттыруды талап етсе, бәсекеге қабілеттілік кез-келген елдің, өңірдің экономикасының дамуының ерекше маңызды факторы бола алады.
Олай болса, аймақтардың бәсекеге қабілеттігі туралы баяндаманы жыл сайын «ЭЗБӨЧСТөв» – тәуелсіз зерттеу орталығы 2012 жылдан бері шығарып келеді. Бұл рейтинг аймақтардың әл-ауқат әлеуетіне баға беру саласындағы ең беделді сараптама болып табылады.
2016 жылғы көрсеткіштер бойынша Баян-Өлгий аймағы Моңғолияда бәсекеге қабілеттілік индексінде 10 орында тұр. Батыс Моңғолияда Увс аймағы 9 орынға, Ховд 12 орынға жайғасқан.