АҚШ президенті Дональд Трамп жеке қорғаушы (адвокат) жалдады деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі Fox Business New телеарнасының тілшісі Чарльз Гаспариноның твиттер парақшасына сілтеме жасап.
Жақында АҚШ Конгрессі Дональд Трамптың президент сайлауы кезінде Ресеймен байланысқандығын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын бастаған болатын.
Осыған байланысты Трамп, аталмыш істе өз көзқарасын қорғауға өзімен 15 жыл бірге жұмыс жасаған тәуелсіз қорғаушы Марк Касовицті жалдаған деген ақпарат тараған.
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше Дональд Трамп, Марк Касовицтен бөлек Брендан Саливан мен Роберт Джуффра есімді адвокаттардың да қызметіне жүгінген.
Алайда бұл ақпараттардың барлығы Ақүй әкімшілігі тарапынан ресми расталмаған.