2017 жылдың бірінші тоқсанында шағын бизнеске берілетін кредиттің болғанына қарамастан 37 мың 743 сауда орны жабылып қалған. Cumhuriyet басылымының мәліметінше, жабық сауда орындарының саны бірден 3,1 %-ға өскен.
Ең көп сауда нүктелері жабылған аймақ Мраморномор аймағы. Мұнда 8 мың 151 сауда нүктесі жұміс істеуді тоқтатқан. Стамбул, Анкара және Измирде жабылған сауда нүктелерінің саны шамамен 10 мыңнан асады. Мысалы мегаполис Стамбулдың өзінде 3 мың 256 фирма өзінің қызметін тоқтатқан.
Түркияның әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымының мәліметінше, кішігірім жекеменшік фирмалардың саны өткен жылмен салыстырғанда 204 мыңға қысқарып, 1 млн 807 мыңға дейін азайған. Бұдан кәсіпкерліктің 10,2%-ға азайғанын көруге болады.