Аты шулы АҚШ президенті Сауд Арабия королімен кездесуі АҚШ пен Орта және Таяу-Шығыс қатынасының жаңа парағын ашты деуге болады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауына қарағанда, Құрама Штат пен Сауд Арабиясы лаңкестікке қарсы тұру ынтымақтастығын тереңдетуді ресми қолға алған. Екі ел бірлесе отырып әлемдегі ықпалды құдайшыл партияның белді мүшесіне арнайы санкция жарияламақ. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлайды.
АҚШ президентінің Сауд Арабия бас қаласына баруымен, екі ел арасында лаңкестікке қарсы бірқатар санкцияларды бірлесе жариялауға келісті. Соның ішінде «Хезболла» ұйымы негізге алынып отыр. Ұйымдағы Атқару комитетінің негізгі мүшесі болып табылатынын Хашем Сафидинге санкция жарияланды. Бұл АҚШ үкіметінің Сауд Арабияны Иранға қарсы одақтастықты күшейтуі болып табылады.
Аталған комитет «Хезболланың» барлық саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және білім беру жұмыстарына жауапты комитет. «Хезболла» Ливандағы шиит топтар ретінде Иранның қолдауына ие болып келген. АҚШ оған қарата бірнеше рет санкция жариялағанымен Сауд Арабия бейтараптық танытып келген болатын. АҚШ үкіметінің мәліметінде, Сафидин 1983 және 1984 жылы жасалған аса үлкен жанкешті жарылыс оқиғаларының ұйымдастырушысы. Оған қоса 1985 жылы АҚШ TWA компаниясының № 847 ұшағын ұрлау қатарлы істерге басты жауапкер деп көрсетті.
АҚШ Қазына және сауда департаменті мен Сауд Арабиясы осыған дейін террористік топтарға бірлесе санкция салып келген. Десе де, екі ел үкіметі бірлесе лаңкестікке қарсы кеңейтілген ынтымақтастық орнатуы алғаш рет.