Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) Ларсена C мұздығындағы жарықшақтардың көлемі ұлғайғандығын көрсететін интерферограмманы жариялады. Sentinel-1 радарларының көмегімен анықталған жарықшақтардың көлемі күн сайын өсуде. Жер серіктерінен түсірілген суреттерден жарықшақтардың өзгерісі аса байқала бермейтіндіктен, арнайы радарлар пайдаланылған. Бүгінде жарықшақтардың ұзындығы 175 шақырымға жеткен. Бұл мұздық құрлықтан біржола бөлініп шықса, әлемдегі ең үлкен мұзтау пайда болуы мүмкін. Оның нақты бөлінетін мезгілін анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ мұздықтың мұхитқа түсіп, еруінен мұхит деңгейі көтерілуі мүмкін.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау