Оңтүстік Корея АҚШ-қа THAAD зымыранға қарсы қорғаныс құрылғысын қайтарып беруі мүмкін деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
Бұл жайында қазір Оңтүстік Кореяда билік басында тұрған Демократиялық партияның фракция басшысы Ву Вон Сик жергілікті радиолардың біріне берген сұхбатынды «Біз бұл мәселені толықтай зертейтін боламыз. Егер THAAD құрылғысы Оңтүстік Корея заңы бойынша толықтай тексерістен өтпеген болса, біз оны АҚШ-қа қайтарып береміз.» деген.
Оңтүстік Корея заңы бойынша ел аумағына қандайда бір әскери құрылғыны орналастыру үшін Оңтүстік Корея парламентінің келісімі керек. Бірақ бұрынғы президент администрациясы парламенттің келісімінсіз THAAD құрылғысын орналастыруға рұқсат берген.
Естеріңізге салайық Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті Мун Чжэ Ин, сайлау алды бағдарламасында ел аумағында THAAD құрылғысын орнатуға қарсы екендігін айтқан болатын.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау