Еуропалық одақтың статистикалық қызметінің мәліметінше, Ресейден ЕО-ға келетін импорттық тауарлардың көлемі 47%-ға дейін артқан. Сонымен Eurostat-тың ақпаратына сүйенсек, ЕО-ға келетін ресейлік тауралар құны 2017 жылдың қаңтар-наурыз айында 39,3 млрд еуро болған. Өткен жылғы көрсеткіш - 26,7 млрд еуро.
Дегенмен Еуропалық одақта есе жібермепті. 2017 жылдың 1 тоқсанында ЕО-ның Ресейге экспорты 28%-ға немесе 15,5 миллиардтан 19,9 млрд еуроға дейін артқан.
Eurostat-тың мәліметінше, одақпен сауда серіктестігін жүзеге асырып отырған 28 елдің арасында Ресей екінші орында. Ал бірінші орында әдеттегідей Қытай елі.