ТМД елдері одағының атқарушы комитеті хабарлағандай, Қазақстанда ТМД елдері шекара күштері қолбасшыларының 77-ші отырысы өтеді. Бұл туралы "Фарс" ақпарат агентігі жазды.
ТМД елдерінің шекара күштері қолбасшыларының 77-ші отырысы 18 мамырда Алматыда өтеді. Осы отырыста ТМД елдерінің шетелмен шекараларының жағдайы, дайындығы және ортақ шекаралық арнайы әрекеттер, сондай-ақ, биыл Каспий теңізінде шектеу амалдарын өткізіп, келесі жылы үшін де осыған ұқсас шаралар өткізу қарастырылады.
Қытай 29 мемлекеттің басшыларын жинап алып "Бір белдеу, бір жол" жобасын талқылап жатқанда, ТМД елдерінің шекара күштері қолбасшыларының бас қосуы қажеттілік болса керек.