Ауғанстанның үкімет әскері елдің солтүстік-шығысындағы стратегиялық маңызды Зебак уезіне қайтадан билік орнатты. Бұл туралы Бадахшан провинциясы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, centralasian.org хабарлады.
Ауғандық Бадахшан билігінің мәлімдеуінше, үкімет әскері бұл аймақта 100-ден астам содырдың көзін жойған. Уезді азат ету операциясын генерал Жалал Яфтали басқарды, ал оның қасында Бадахшан провинциясының басшысы мен Ауғанстан қорғаныс министрінің орынбасары болды.
Оңтүстігінде - Пәкістанмен шекаралас, солтүстігінде - Тәжікстанға апарар жолда орналасқан стратегиялық маңызды Зебак уезін "Талибан" қозғалысының содырлары екі апта бұрын, 28 сәуірде басып алған еді. Содырлар Ишкашимді де бағындыруға талпынды, бірақ олардың бұл әрекетінен түк шықпады.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті