2016 жылғы АҚШ президент сайлауына Ресейдің араласқаны үшін, сол кездегі АҚШ президенті Барак Обама АҚШ-та тұратын ресейлік дипломатиялық іс орындарын тәркілеп, дипломат өкілдерін қудалаған еді. Жақында Кремль Ақүйден осы дипломатия көздерін қайта іске қосуын талап еткен болатын. Алайда, бұл талабы АҚШ тарабынан тойтарысқа ұшырады. Соған байланысты, енді Мәскеу тарабы да Ресейдегі АҚШ дипломаттар санын қысқартуға шешім қабылдады.
«Парс.Ақпарат»-тың хабарлауынша, Кремльдің бұл шешімі сәрсенбі күнгі Ресей сыртқы істер министрінің АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесуінен кейін жасалып отыр. Демек, Сергей Лавров пен Тиллерсон арасындағы кездесу ойдағыдай болмаған. Ресейлік бір дипломаттың растауынша, Ресей жақтың америкалық дипломаттар санын қысқартуы, Барак Обама тұсында күшін жойған ресейлік дипломатия кешендерінің қайталай іске қосылмауына байланысты Мәскеудің берген реакциясы екен.
Естеріңізге сала кетейік, Барак Обама президенттік өкілеттілігінің соңғы күндері «Ресей жақ АҚШ-тың демократиялы президент сайлау ісіне араласты» деп айыптап Уашингтон және Сан-Франциско қалаларындағы 35 ресейлік елшіні қуалаған еді. Сондай-ақ, Ресейдің АҚШ-тағы екі дипломатиялық қызметтерге арналған жұмыс ғимаратын тәркілеген болатын.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді