АҚШ Президенті Дональд Трамп Мичиган штатының бұрынғы конгресмені Майк Роджерсті Федералды бақылау бюросының ( Federal Bureau of Investigation) директоры етіп тағайындауы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлап отыр.
53 жастағы Майк Роджерс бұдан бұрын өкілдер палатасын бақылау комитетінің төрағасы болған. Ол Конгресті 7 жыл басқарған соң 2015 жылы кетіп, қызметін радиода жалғастырады. Президент сайлауы кезінде Роджерс Дональд Трампқа ұлттық қауіпсіздікке қатысты кеңестер беріп отырған, алайда кейін белгісіз себептермен командадан шығып қалған.
Еске салайық, осыдан екі күн бұрын АҚШ Президенті ФББ (FBI) басшысы Джеймс Комиді жұмысынан босатқан. Джеймс Коми президент сайлауы кезінде "Дональд Трамптың Ресеймен қатысы болған" деген күдікпен жүргізілген қылмыстық зерттеу тобының жетекшісі болған. Ал АҚШ-та өткен президент сайлауында Трамптан жеңілген Хиллари Клинтон жақтастары Дональд Трамп өзінің сайлау кезінде Ресеймен байланысын жасыру мақсатында осындай қадамға барды деп мәлімдеді.
The Guardian агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп Комиді бюроны тиімді басқара алмайды деген шешімге келген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі