АҚШ-тың барлау қызметі (ЦРУ) Солтүстік Корея бағытында жұмыс жасайтын бөлімше құрды деп мәлімдеді ЦРУ директоры Марк Помпео.
Бөлімше Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарының АҚШ-қа төндіретін қаупіне сараптама жасаумен айналыспақ. АҚШ-тың барлау қызметінде осыған дейін тек бір елге ғана арналып ешқандай бөлімше ашылмаған.
Бұған қарамастан жақында Солтүстік Корея билігі тағы бір ядролық зымыранын сынақтан өткізуге дайын екендігін хабарлады еді.