«Күрд жұмысшылар партиясы» АҚШ бергелі отырған қару-жарақпен тәуелсіз Сүрияны құруға бар күшін салады деді Сүриядағы күрт әскерінің өкілі Редур Хелил.
Түркияда террорлық ұйым деп танылған "Күрдстан жұмысшылар партиясы" Сүрияда «Ислам мемлекетіне» қарсы соғысып жатқан «Сүрия демократиялық күштерінің» құрамына кіреді. Қазіргі таңда олар АҚШ-тың әуе күштері мен арнайы жасағының қолауымен «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы басып алған Табка мен Ракка қалаларын азат етуге қатысуда.
Сәрсенбі күні Түркияның қарсылығына қарамастан АҚШ президенті Дональд Трамп, Сүрияда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы соғысып жүрген күрд әскеріне қару-жарақ беру жөніндегі қаулыға қол қойған болатын. Ал ресми Дамаск АҚШ-тың бұл әрекетін Сүрияның ішкі істеріне араласу деп айыптаған еді.