Иранның "Фарс" баспасөзінің ресми сайтында Пентагон өз мәлімдемесінде Американың жетекшілігіндегі «ДАИШ тобына қарсы халықаралық» деген коалицияның 2014 жылы Сүрия мен Иракта басталған шабуылдарында 352 әскери емес азаматтың қаза болғанын мойындап: «Тек 2016 жылдың қараша айы мен 2017 жылдың наурыз айлары аралығында ғана 45 бейбіт адам америкалық күштердің қолынан қазаға ұшырады» деді.
Америкалықтар 26 бейбіт тұрғынды да наурыз айында өлтірген. "The Observer" бақылаушы тобының зерттеулері америкалық коалицияның Ирак пен Сүриядағы әуе шабуылдарынан кемінде 2500 жай бұқараның өлтірілгенін көрсетеді.
The Qazaq Times