Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен қырғыз қарулы күштер Бас штабының төрағасы Райымберді Дуйшенбиев елдің әскери әлеуетін жақсарту мақсатында, серіктес елдермен байланыс орнату мәселесін талқылады деп хабарлайды президент баспасөз орталығының өкілдері.
Дуйшенбиев президенттің заманауи талаптарға сәйкес әскери құрылымдарды жасақтау туралы тапсырмасы мен басқару органдарын іске қосу, бөлімшелердің жедел әскери дайындығын жақсартып, қажетті техникамен толық қамтамасыз ету және әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағыдайына көңіл бөлу секілді мәселелерді де жүзеге асырып жатқандығы туралы есеп берді.
Сейсенбідегі Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің Қызғызстанға ресми сапарында, әскери-техникалық серіктестік жайлы келіссөздер жүргізілген болатын. Кездесу соңында Атамбаев журналистерге "әскерді күшейту мен соған қажетті техниканы Ресейден алдыру" туралы мәселелерді қарастырғандықттарын жеткізді.
“The Qazaq Times”

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі