Бүгін таңертең, 1 наурыз (АҚШ жергілікті уақытымен 28 ақпан кеште) АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының Конгресінің мінбесінде сөз сөйледі. Бұл оның президенттікке тағайындалғаннан бергі алғаш рет Конгресс мінбесінде баяндама жасауы. Бір айдан бергі саясаттағы дау-дамай мен дүрбелеңнен кейін, ол өзінің алдағы саяси ұстанымын нақтылауына тура келді. АҚШ Конгресі мен өзі басқарып отырған үкіметті алаңнан арылту үшін де оған бұл мінбеге көтерілу керек болды. Бұл туралы «The New York Times» басылымы хабарлап отыр.

Ол негізінен алдағы жүргізбек болған саясаты туралы төрт тақырыпқа бөліп баяндады. Соның алғашқысы болып халықаралық сауда тақырыбын сөз етті. Ол: « Мен еркін саудаға сенемін, бірақ ол әділ сауда болуы керек» дегеннен өзге жаңа көзқарас білдірмеді, көбіне өзінің осыған дейін айтып келген ұстанымдарын қайталады. Алайда, АҚШ-тың Қытаймен сауда қарым-қатынасы туралы батыра айтты. Қытаймен және өзге бірнеше елмен сауда қатынасы Америка мүддесіне қайшы, тіпті Американың беделін түсіреді деген көзқарас білдірді. Ол: «Қытай 2001 жылы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірді, содан бері біз 6000 кәсіпорынды жоғалттық деді.

Екінші тақырыбы мигранттар мәселесі туралы өрістеді. Ол бұл тақырыпты: "Америка Құрама Штаттарының оңтүстік шекарасында «Ұлы қорған» пайда болады" деген сөзбен бастады. «АҚШ үкіметі қазір есіріктер мен өзгеде қылмыскерлерді қуып шығуда, сол арқылы біз елімізді лас адамдардан тазартатын боламыз», – деді Трамп.

Трамптың сайлау кезінде айтқан уәделерінің ішінде медицина саласындағы реформасы ауық-ауық, әр жерде сөз болып келеді. Бұл жолы да ол бұл саладағы өзі жасағалы отырған  реформаларды да естен шығармады. Өзінен бұрынғы биліктің медицина саласындағы реформасын алып тастап, өз реформасын орнатқалы отырған Трамп: « Біз жаңа медикерлерге тың таңдау құқығын береміз. Сол арқылы медициналық қамсыздандыру оңайласып, бағасы арзандай түседі, денсаулық сақтау саласын сапалы деңгейге көтереміз», – деді.

Ал одақтар мен ынтымақтастық ұйымдар туралы сөзінде Трамп НАТО-ны барынша қолдайтынын білдірді. Ол НАТО-ны жоғары бағалай келе: Бұл фашизмді жеңу үшін Екінші дүние соғысы майданында жүзеге асырылды және қырғи-қабақ соғысы  кезінде коммунизммен күресіп, кейінгі одақтардың ынтымақтастығына алып келген ұйым деді. Бірақ ол НАТО ұйымы туралы осыдан бұрын айтқан көзқарастарын растады. Айталық, НАТО-ға мүше елдер өздерінің қаржылық міндеттемелерін өз мойнына алуы керектігін қайталай айтып өтті.  Сонда ғана әділ бөліс жасауға болатынын ескертті. Ол өзінің халықаралық істерге белсене кірісуге дайын екенін де білдірді. Халықаралық қатынастарда әр елдің даму жоспарларына және өз ұстанымдарына құрмет ететінін айта келіп: «Менің жұмысым әлемді қорғау емес. Менің жұмысым Америка Құрама Штаттарын қорғау», – деп америкалықтардың ең сүйікті сөзімен баяндамасын аяқтады.

“The Qazaq Times”