Малайзия Корольдік Полиция басқарамасы бүгін (16 ақпан) түстен бұрын хабарлама жариялап, Малайзия полиция тарауы Солтүстік Корея басшысының ағасына қастандық жасады делінген екінші күдікті әйелді тұтқындағанын мәлімдеді.
Малайзия полиция тарауының мәлімдемесінде, күдіктісінен Индонезия саяхат-жол жүру құжаты табылған. Құжатта көрсетілгендей күдіктінің аты-жөні Сити Айша, 1992 жылы ақпанда туылған. Полицейлер күдіктіні тұтқындау кезінде оның жалғыз болғанын айтады. Әуежайдағы бейне бақылауға түскен суретпен салыстыру барысында күдіктінің әуежайда болған адам екені тұрақтанған. Малайзия полициясы тергеуді жалғастыру үстінде.
Қылмыс күмәндісінің тергеу нәтижесі қашан шығатыны әлі белгісіз. Алайда бұның соңы үлкен саяси ойындарға жұмсалып кетуі бек мүмкін. Әзірге қылмыс күмәндісінің қылмыс жасау мақсаты да тұрақтанбаған.
Ауд: Әділет Ахметұлы
“The Qazaq Times”