Марокко Фетуллах Гүлен мектептерін жабуға шешім қабылдады, деп хабарлайды trt.net.
Марокко Ішкі істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Фетуллах Гүленге қарасты Фатих Сұлтан Мехмет мектептерінің барлығының жабылуына шешім берілгені айтылды.
Марокко Ұлттық және кәсіптік білім беру министрлігінің тексеруі нәтижесінде аталмыш мектептерде Марокко білім бағдарламасына сай келмейтін әдіс жүргізілгені анықталды.
Жабу үшін осы мектептерге бір ай мерзім берілді.
Мароккодағы Фатих Сұлтан Мехмет мектептерінің түрлі қалаларда 8 филиалы бар.
Осы арада Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Марокконың елдегі Фатих Сұлтан Мехмет мектептерінің жабатыны жөніндегі хабарына қуанғандарын айтты.
Сыртқы істер министрі әлеуметтік желідегі есебінен осы шешімнің екі ел арасындағы ынтымақтастық және ұйымшылдықтың маңызды көрсеткіші екенін атап көрсетті.
"The Qazaq Times"