Қытай Хунан телеарнасындағы «Әнші» жобасының жартылай финалы 8 сәуір күні кеште тікелей эфирде таратылды. Бұл жолы Димашпен бірге Лин Илян, Лин Жышуан, Ли Жиян, Жаң Жие, «Lion» тобы, Ду Лиша, Пың Жяхой, Юан Яуей, Жаң Бичың қатарлы әншілер бәсекеге түсті.

Димаштың бұл жолғы орындайтын әні Италиялық әнші, кино актер Адриано Челентаноның 2002 жылы әлемге кең тараған «Confessa» (қаз. “Мойынсұну” ) атты туындысы.

Көрермендеріне ағынан жарыла алғысын айтқан Димаш «Армансыз адам – ормансыз бұлбұлмен тең деген. Армандамаймын десем өтірік болар. Бірақ та мен бас жүлдені алмай қалсам да ренжімеймін, Өйткені мен қазірдің өзінде жеңімпазбын» деді.

“The Qazaq Times”