Германия Ресейді қолдауға көшті. Олар орыстарға екінші газ құбырын салдыруға рұқсат беріп, арзан өнім тұтынбақ. Осылайша, Германия Ресейдің Қырымды Украинадан тартып алуына  қарсылық білдірмейтінін аңғартты. Мұның соңы - Германия мен АҚШ арасындағы тіреске ұласуы бек мүмкін. Екінші мәселе, Еуропалық Одақ орыс олигархтарының Батыс елдері  банктеріндегі Ресейден "жымқырылған қаржыларды бұғаттау" әрекеттері. Үшінші мәселе, Батыста трансляция жасайтын Ресей телеарналарының жұмысын "жалаң насихат" , "жалған ақпараттарды тарату -пропаганда" деп бағалауы. Олай болса, Ресей теледидарының жұмысын Еуропалық Одақта тоқтату маңызды деп есептеледі. Сонымен, Ресейге екінші газ құбырын салуға рұқсат берілсе, бірақ Ресей газын сатып алуға рұқсат бермеуі мүмкін. Ресейдің ақшасын бұғаттаса, Ресей теледидарын Еуропада тоқтатса, бұл шаралар Путиннің жағдайын жеңілдетпейді. Аталған жағдайлар Қазақстанға қаншалықты әсер етеді?

Алдымен, Украинаға ауыз салған Ресей біздің солтүстік өлкелерге дәмелі екені белгілі. Сондықтан Путиндік Ресейдің агрессивтік сыртқы саясаты қыспаққа алынғаны бізге қолайлы. Батыстың екінші шарасы да біздің оң жамбасқа келеді. Ресей алпауыттарының "заңсыз жиналған ақшалары" тәркіленсе, Ресейдегі дағдарыстың күшейуіне әкеледі. Ресейдің "коррупция жолымен жиналған қаржылары" Қазақстанға "инвестиция болып келіп, еліміздің стратегиялық салаларын қадағалауда". Біз де Ресейдің "ұрлықтан жиналған ақшаларын инвестиция емес", "ұрланған ақша" деп бағалап, бұғаттауымыз керек. Үшінші мәселе - Ресейдің империялық, өтірікшіл насихатының Еуропадағы жабылуы біздің ақпараттық саясатты өзгерту керектігін дәлелдейді. Қазақстан Ресей телеарналарын отандық медия кеңістігінде бұғаттау керектігін күн тәртібіне қойып отырса. Сол сияқты "Хабар" телеарнасы тек қазақшаға өтіп, қазақты орыстандыру саясатын тоқтатса. Батыс босқадан босқа орыстың насихатынан бекер безіп отырған жоқ. Сонымен Ресей теледидарын, олардың удай зауалды насихатын бұғаттау бізге де маңызды.

“The Qazaq Times”