ҚР презиенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдеріндегі су мәселесі туралы айтты.

Астанада өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің басшыларының кездесуі кезінде Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылары суға қатысты мәселені өзара шешкенін мәлімдеді.

"Ең басты мәселе - су мәселесі. Біз Әмудария мен Сырдарияның жан жағында өмір сүріп жатқан 70 млн халқы бар елдерміз. Мұнда біз келістік, саяси сауда болуы мүмкін емес", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, президент бұл мәселе барлық мемлекеттердің араласуы арқылы бірге шешілуі керек екенін атап өтті.

Айта кетейік, Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше,  Орта Азиядағы  су тапшылығы 2050 жылға қарай өңірдегі жалпы ішкі өнімді 11 пайызға төмендетуі мүмкін. Ал 2014  жылы  «Nature» халықаралық ғылыми журналы Орталық Азия елдерінің су ресурстарын тиімсіз пайдаланатын мемлекеттердің қатарында көш бастап тұрғанын жазған еді.

“The Qazaq Times”