АҚШ ақпарат көздерінің хабарына қарағанда, президент Трамптың қызы Иванка Трамп Пиоңчаң (Pyeongchang) қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына Солтүстік Кореяның жоғары өкілімен кездеседі. Бұл АҚШ пен Солтүстік Корея сынды қақтығыстағы елдің арасында өзгеше іс-қимылға жол ашуы мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.

Оңтүстік Кореяның Біріктіру министрлігінің бейсенбі күнгі хабарына қарағанда, Солтүстік Кореяның жетекші партиясының орынбасар төрағасы Ким Иоң Чол (Kim Yong Chol) жексенбі күні Оңтүстік Кореяға келіп, сол елдегі үш күндік ресми сапарын бастайды. Оңтүстік Корея үкіметі осы орайдан пайдаланып, екі Корея қарым-қатынасын жақсарту және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөзге жол ашуға тырысатындарын жеткізді.

Солтүстік Корея Пиоңчаңға баратын жоғары лауазымдысының есімін жариялаудан бірнеше сағат бұрын Трамп үкіметі де Ақ үй атынан Оңтүстік Кореяға баратын ресми өкілдерінің есімін жария етті. Олар АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы және президенттің жоғары кеңесшісі Иванка Трамп пен Ақ үйдің ресми мәлімдемешісі Сара Сандерес екені мәлім болды.

Солтүстік Кореядан баратын ресми өкіл Ким Иоң Чол мен елдің ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун арасында ешқандай туыстық қарым-қатынас жоқ. Оған қоса, былайғы жұрт оны КХДР-ның әскери барлау бөлімінде маңызды лауазымды тұлға деп таниды. Оңтүстік Корея үкіметінің мәлімдемесінде, Ким Иоң Чол сапарында екі ел арасындағы келісімді қолдаушы тұлғалардың бірі Ри Сон Гуонмен (Ri Son Gwon) кездесетінін айтқан болатын. Ри Сон Гуон болса өткен айда екі ел арасындағы алғашқы отырыста ресми өкіл болып барған.

“The Qazaq Times”