Еуроодақ Қытайды сауда кедергілерін жоюға және ЕО мен Қытай арасындағы экономикалық қатынастарды жақсартуға шақырады. Дүйсенбіде ЕО басшылары мен Ши Жинпиң саммиттің кезекті отырысын онлайын фарматта өткізді.
Еуроодақ басшылары Қытайдың адам құқығы мәселелеріне алаңдаушылық білдірді, алайда, бұл сынды Бейжың тарабы «Қытайдың ішкі ісіне араласу» деп қабылдайтынын мәлімдеді.
Еуропалық Одаққа мүше барлық 27 елдің мемлекет басшылары және Қытай төрағасы Ши Жинпиң Германияның Лейпциг қаласында саммит өткізуді жоспарлап отыр, дүйсенбідегі онлайын өткен отырыста бастапқыда жоспарланғаннан әлдеқайда аз адам қатысқан.
Еуропа елдерінде коронавирус эпидемиясы қайта өрши бастағаны себепті жоспарды өзгертуге тура келген. Саммитке Ши Жинпиңнен басқа Еуропалық Кеңес төрағасы Мишель, Еуропалық Комиссияның төрағасы Ляйен және Еуропалық Одақ төрағалығындағы Германия канцлері Меркель қатысты.
Мишель кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында ЕО Қытай нарығына кіру мәселесін Бейжыңнен талап ететіндігін айтты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы