Коронавирус індетінің кесірінен әлемде 60 миллионға жуық адам кедейлікке ұшырауы мүмкін. Дамушы елдер қайта қарызданбақ.
Дүниежүзілік банктің басшысы Дэвид Малпасс 19 мамырда пандемия дағдарысының салдары туралы болжамын бөлісті.
Бас банкир банк жүйесіндегі бағалау бағаны экономика 5%-ға құлдырап, «терең рецессияға ұшырайтынын» айтады. Оның сөзінше дағдарыстың зардабын жеңілдету үшін әлем банкі дүние жүзінің 70% халқы өмір сүретін 100 дамушы мемлекетке несие беруді жоспарлап отыр. COVID-19 вирусы және дағдарысқа қарсы көмек сұрап отырған 39 ел Африка құрлығынан. Қарызға берілген қаражат денсаулық сақтау бағдарламасы, экономика жүйесі және әлеуметтік қорғау-қамсыздандыру саласына бағытталады деседі. Осылайша, Дүниежүзілік банк 15 айдың ішінде, яғни келесі жылдың ортасына дейін 160 млрд доллар несие бермек. Қазірдің өзінде Өзбекстан, Пәкістан, Тунис, Филиппин т.б. тәрізді 33 ел келісімшарт жасасып, транзакция аударымын жүргізіп жатыр. Аталған елдердің тізімінде Қазақстанның бар-жоғы әлі белгісіз. Бірақ экономистер күллі әлемді тығырыққа тіреген індетпен ілесе келген несиенің мемлекет қазынасына салқынын тигізетінін жоққа шығармайды.

Былтыр сәуірден бері Дүниежүзілік банкке басшылық етіп келе жатқан Дэвид Мальпасс. Фото: Simone D McCourtie / Дүниежүзілік банк
2015 жылғы есеп бойынша, әлем халқының 10 пайызы немесе 734 миллион адам күніне 1,90 доллардан аз ақшаға кедейшілікте өмір сүреді. Пандемия кесірінен енді кедейлер саны 800 миллионға жетуі мүмкін көрінеді.
Былтыр желтоқсан айының соңында Қытай билігі Хубэй провинциясының Ухань қаласында қалай пайда болғаны белгісіз вирус тарала бастағанын хабарлаған еді. Сарапшылар мен мамандар мұны коронавирустың жаңа түрі 2019-nCoV (кейіннен SARS-CoV-2), COVID-19 деп атаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қауіпті кесел 114 елде 118 мың адамға жұққан кезінде, биыл (2020 жыл) 11 наурызда вирусты жаһандық індет (пандемия) деп жариялады. Екі жарым айдың ішінде кейстер саны 10 мыңнан 5 миллионға өсті.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді