Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай биыл өтуі тиісті 800-ден астам шараның қысқарғанын хабарлады.
Министрліктің кеңейтілген алқа отырысында Абаев «Біз Абайдың 175 жылдығын, ел Тәуелсіздігі күнін атап өтеміз. Президент Тоқаев аталған форумдардың ішкі мазмұны жайында айтқан болатын. Ал бұл басқа мәселе. Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығы аясында түрлі мерзімдері бар ұсыныстарды жинақтап жатырмыз. Сіздер алдын ала жұмыстарды байқамайсыздар. Бұл жоспар қазіргі уақытта 89-90 тармақтан тұрады, ал бастапқыда 900 тармақ болатын. Біз 800-ден астам түрлі шараны алып тастадық. Бұл жұмыстардың барлығын жүргіздік, форумдар мен семинарлар айтарлықтай қысқарды», – деді.
Сонымен қатар журналистердің талап-арызына жиі мойын бұра бермейтін министр ақпан айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған тұжырымдама мен іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарланып жатқанын жеткізді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді