ГФР СІМ Зигмар Габриэль БАҚ құралдарының батыс елдерінде өтіп жатқан президент сайлауына РФ-ның тікелей қатысы бар деген ақпаратын толықтай жоққа шығарды.
Зигмар Габриэльдің Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткен кездесуінде: "Германияның БАҚ өкілдері таратқан ақпараттарына өздері жауап береді, ал Федералды үкіметтің атынан, бұл мәселе жөнінде ешқандай күдік те, кінә да тағылмаған" - деп, қысқа қайырды.
Осы уақытқа дейін батыстың БАҚ өкілдері Ресей Федерациясын ұйымдастырылып жатқан президент сайлауына араласып, өз мүддесіне қарай шешім шығуына әрекет етуде деп бірнеше мәрте ақпарат таратқан болатын. Ал Ресей бұл ақпараттарды негізсіз жала деп мәлімдеме жасаған еді.
“The Qazaq Times”