Кеше, 12 ақпан күні, әлеуметтік демократ, бұрынғы сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Германияның президенті болып тағайындалды. Бұл туралы BBC хабарлайды.
Германияның Президентін 630 бундестаг депутаттарынан және 630 федералдық топтың өкілдерінен тұратын ассамблея (топ) таңдайды. Бірінші кезеңдегі дауыс беруде Штайнмайерге ең азы 631 дауыс жинауы қажет болды. Нәтижесінде оның кандидатурасын 931 адам қолдаған, ал дауыс беруге қатысқандардың саны – 1239 (CNN деректері бойынша 1253).
Штайнмайер әуел бастан басты президенттікке үмкіткерлердің бірі болған. Президент Йоахим Гаук халыққа жасына байланысты (оның жасы 77-де) ары қарай президенттік қызметті атқара алмайтындығын айтқан. Енді Гаук 18 наурыздан бастап өз қызметінен кетеді.
Айта кетейік, президент 5 жылға сайланды және тек бір рет қана қайта сайлануға мүмкіндігі бар.
«The Qazaq Times»