Алматыда заңсыз митинг өткізбек болғандарды полиция матап тастады. Әзірге 70-ке жуық адамның ұсталғаны мәлім. Бұл туралы "Азаттық" тілшісі хабарлады.
Қала орталығына жиналған наразы топ қамауда отырған саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, азаптауды тоқтатуды сұраған. Билік өкілдеріне ашынған жұрттың қарасы көбейген кезде, қалалық әкімдік қызметкерлері оларға митингті заңсыз өткізіп жатқандарын ескертіпті. Алайда, наразы топ шенділердің бұл талабына құлақ аспады. Осыдан кейін, полиция билік өкілдеріне бағынбаған адамдарды шетінен күштеп ұстап, бөлімшелерге жеткізген.
Бұл ақпаратты қалалық ІІД ресми өкілдері де растады. Олар таратқан хабарламада: Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимаратының алдында заңсыз митинг өткізу әрекеті болды. Прокуратура жиналған адамдарға құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, нәтижесінде кейбір қатысушылар мән-жайды анықтау үшін аудандық ІІБ-ге жеткізілді" - делінген.
“The Qazaq Times”