29 қараша сәрсенбіге қараған түнде (29,11,2017 02:47) Солтүстік Корея жаңа зерттеп жасаған «Марс-15» атты құрлық аралық баллистикалық зымыранын атқан болатын. Бүгін аталған баллистикалық зымыран сынағы кезінде түсірілген суреттер мен кескіндерді жария етті. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

Ким Жоң Ун зымыранды тасымалдау процесін бақылауда. Фото: Xinlang.NEWS.

Солтүстік Корея таратқан мәліметте, бұл реткі зымыран сынағы арқылы, қару жүйесінің барлық параметрлері жобалық талаптарға сәйкес келетінін, сондай-ақ, соғыс кезінде сенімді қорғау миссиясын өтей алатынын тұрақтандырған. Атап айтқанда, ұшу аралығын бақылау және жылдамдықты түзетудің дәлдігі тексерілген. Бұдан сырт зымыран қозғалтқышының әрекеті мен дұрыстығы сыннан өткенін де айтады. Зымыранды ұшыру және меңгеру кезіндегі техникалық жұмыстардың бәрі де жоғары талаптарға сай болған.

Зымыранды қондыру кезінде. Фото: Xinlang.NEWS.

Солтүстік Кореяның бұр реткі сынағы олардың осыған дейінгі барлық зымыран сынағынан да жоғары нәтиже берген. Зымыранды тасымалдау, қондыру және ұшыру секілді процестерінде барлық сапалық талаптарды орындадық десуде. Осыған дейін Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарында зымыранның ұшу қуаты, ұшу аралығының алыстығы және атмосфере қабатына қайта енген кездегі температураға төзімділігі сыннан өткен болатын.

"Марс-15"-ті ұшыруға бұйрық бердіү. Фото: Xinlang.NEWS.

КХДР-ның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун бұл реткі зымыран сынағын ел тарихындағы маңызды жетістік деген пікірін білдірген. Дегенмен, АҚШ-тағы дербес "WSJ" басылымының хабарында, Солтүстік Кореяның ресми арналары арқылы таратқан мәліметтерінің бәріне сене беруге болмайтынын айтады.

“The Qazaq Times”