Қытай Коммунистік партиясының XIX құрылтайында ең жоғары лидерлер «Ши Жинпиң идеясы» деген сөзді көбірек қолданды. Қытайда Коммунистік партия билікке келген 68 жылдан бері тек бірінші төраға Мау Зыдоңның (Mao Ze Dong/毛泽东) есіміне ғана тіркелген бұл сөз (Мау Зыдоң идеясы) енді қазіргі Қытай басшысына да айтылатын болды. Бұл Қытайдың қазіргі төрағасының партия жарғысына өз атын енгізгенін көрсетеді. Сонымен осыдан кейін Қытай билігіне «Ши Жинпиң идеясын» жетекшілік етпек.
Қытай жоғары билігінің өз саясатын жасырын жүргізетінін білеміз. Алайда, ҚКП-ның жоғары шенді өкілдері аузынан «Ши Жинпиң идеясы» деп айтылуы алдағы күндегі Ши Жинпиңнің лидерлік орнын анық көрсетіп алды. Демек бұл 20 жылдан бергі Қытай басшыларының жете алмай келе жатқан мақсатына Ши Жинпиңнің жеткенін білдіріп отыр. Ол өз есімін партияның жарғысына енгізбек.
Қытайда Коммунистік партия билікке келгеннен кейін жалғасты 30 жыл Қытай билігі Мау Зыдоңға байланып келген болса, екінші дәуірі Қытай экономикасының дамуына реформа жасаған Дың Шяупиңге (Дэн Сяопин) тиесілі болды. Бұл реткі құрылтайдан кейін Ши Жинпиң Қытайда үшінші жаңа дәуірді ашты деп қаралды. 2012 жылы Қытай билігіне Ши келгеннен кейін елде модернизация мен реформалар тездеді. Алайда, авторитарлық билік күшейіп, елдегі бақылау мен цензура күшейтілді. Құқық қорғаушылар мен белсенділерді қамауға алу көбейген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі