АҚШ басылымдарының хабарына қарағанда, алдағы аптада АҚШ-тың Иранға қаратқан саясатында бірқатар өзгерістер жариялануы мүмкін. Айталық, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның 2015 жылы қол қойылған халықаралық ядролық келісімін толық орындағанын растаудан бас тартуы мүмкін. Бұл туралы «The New York Times» басылымы хабарлады.
Аталған келісімнің болашағы туралы АҚШ Конгресі маңызды шешім қабылдағалы отыр. Конгресс 60 күнге жалғасатын жедел бағалаудан кейін Иранға бағытталған санкцияларды қайта қалпына келтіре алады. Дегенмен, ресми өкілдердің сөзіне сенсек, Конгресс санкцияларды қалпына келтіруді таңдай қоймайды. Себебі, санкциялар салынатын болса онда келісімшарт АҚШ тарабынан бұзылған болып есептелінеді.
Санкцияны қалпына келтіру ядролық келісімдегі кейбір ережелердің бұзылуына алып келеді. Тек Иран жақтың келісімді орындамағаны толықтай дәлелденген кезде ғана санкциялар салуға болады. Егер Конгресс әрекет етпесе, АҚШ үкіметінің әрекеттерінің нәтижесі "Иран ядролық келісімді орындамады" деп айыптауымен ғана шектеледі.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау