АҚШ Пентагон басшысы Жим Меттис журналистерге берген мәліметінде, Корей түбегі мәселесінің әлі де дипломатиялық жолмен шешім табуын қуаттайтынын, тіпті АҚШ пен Солтүстік Корея арасында ауыр сөздер алмасып жатса да, қайшылықты бейбіт жолмен шешуге күш салу керек екенін атап өтті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Меттис сейсенбі күні Үндістан қорғаныс министрлігін сапары кезінде баспасөз мәслихатын өткізіп, АҚШ қарулы күштерінің Солтүстік Кореядан келетін ең қауіпті қатерлерге де төтеп бере алатынын айтты. Алайда, қарулы күштерінің басты міндеті шиеленісті шешуге тырысатын дипломатиялық қызметке қолдау көрсету екенін атап көрсетті.
Меттистің пікірінше, КХДР мәселесін дипломатиялық жолмен шешу, Америка Құрама Штаттарының бірден бір мақсаты және ол АҚШ президенті Дональд Трамп осы мәселе бойынша өте нақты мәлімдеме жасады деп есептейді. Оның бұл реткі сапарының басты мақсаты Үндістан Қорғаныс министрлігімен және премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізу.
Дегенмен ол әскери күш қолдану шешімін шығарудың мүмкіндігі қаншалық екеніне нақты жауап бермеді. Кейбір елдің сарапшылары АҚШ лауазымдылары әлемнің әр түкпіріне келіссөздерге аттанып жатқанының өзі, Ақ үй мен Пентагон арасында Солтүстік Кореяға бағытталған бір шешім қабылданып болғанын, қазір сол шешімді мүлтіксіз жүзеге асыру үшін өзге елдермен келіссөздер жасап жатқанын білдіреді деп қарайды. Дипломатияны көздейтін сыңай таныта отырып, егер соғыс туылып жатса, Солтүстік Кореяға шығар жол қалдырмауға тырысып жатыр деген де көзқарастар бар. Қалай десек те, Корей түбегі мәселесі қазір АҚШ қана емес әлем алдында да күн тәртібінде бірінші тұр.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді