КХДР Сыртқы істер министрлігі 11 қыркүйек күні таңертең мәлімдеме жасап, «Егер Құрама Штаттар Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа санкциялар раундын іске асыратын болса, Солтүстік Корея Құрама Штатқа тиісті мөлшерде өтеуін өтейді» деді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
КХДР Сыртқы істер министрлігінің бүгін АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйым Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарына қарсы жаңа санкцияларын енгізу туралы шешім қабылдауға тырысып жатқанын айыптады. Мәлімдемеде «Егер бұл қадамына рұқсат етілетін болса, Пиоңяң (Пхеньян) соңғы қадамдар жасап, АҚШ-ты тарихтағы ең мүшкіл жағдайға түсіреді», - деді.
Мәлімдеме де тағы: «Солтүстік Кореяның ядролық қаруды дамыту ісі - АҚШ-тың қастандық саясатын және ядролық қатерін болдырмау құралы әрі бұл өзін қорғау шаралары заңды болып табылады», - делінген.
Қыркүйектің 3-інде АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарына қарсы жаңа санкцияға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын. Әрі соңғы кезде бұл шешімін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқыға салған. Қауіпсіздік кеңес бұл ұсынысқа бүгін (11 қыркүйек) шешім шығармақ болған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі