Солтүстік Корея тынбай жасаған зымыран сынақтарынан кейін бір жыл ішінде баллистикалық зымыранын Америка шекарасына жеткізе алатын болды. Осыдан бірнеше апта бұрын Солтүстік Кореяның бұл жетістікке жетуіне 4 жыл уақыт бар деп санаған. Қазір Солтүстік Кореяның зымырандарына шағын көлемдегі ядролық қаруларды тиеуге болады. Сонымен бірге атмосфераға қайта енген кездегі жоғары температураға төзімділігі де сыннан өтті. Бұл ядролық оқ тұмсықтарды АҚШ-қа дейін жеткізе алуға толықтай қаблетті екенін көрсетеді.
4 шілдедегі зымыран сынағы кезінде Солтүстік Корея зымыраны Аляскаға еркін жететіндігін дәлелдей алды. Бұл АҚШ үкіметінің сарапшыларын қайталай зерттеу жасауға мәжбүр етті. 14 жыл ілгері АҚШ мамандары Ирактың жаппай қырып-жоюшы қаруларына сараптама жасай келе, үкіметке сақтық дабылын берген болатын.
АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, арнайы мамандардың шығарған жаңа сараптама қортындысында КХДР басшысы Ким Жоң Унның бұйрығы арқылы аса жедел әзірленгендіктен, салыстырмалы түрде, нашар инженерлік деңгейде. Әрі дәлдік дәрежесі өте төмен деп бағаланған. Штаб жетекшілері кеңсесінің орынбасар меңгерушісі Павл Селваның қарауынша, соңғы сынақтар Солтүстік Кореяның АҚШ-қа ядролық соғыс ашуға қабілетті екенін дәлелдей алмайды. Тіпті бұл сынақтың табысты аяқталғанына да сену қиын деп отыр.
Әр нәрсеге сақсына қарайтын Пентагон мен Орталық барлау басқармасының қызметкері Ким Жоң Ун режимінің ядролық қуатына сәл қарамастан, әр қадамын қабақ қақпай аңдып келеді. Бұл істердің бәрі де президент Трамптың жоспарын өзгертуге толықтай негізі бар. Ол осыған дейін Обаманың «стратегиялық шыдамдылық» ұстанымын өзгерткен болатын. Ол АҚШ әскери стратегиясын жаңартуға тырысуда. Ең әуелі экономикалық қысымын арттырады. Тіпті Солтүстік Корея зымыран шабуылын бөгеу үшін желілік шабуылдарды да іске қосуы мүмкін.
Өткен аптадағы Аспен Қауіпсіздік форумында Трамп, ерте ме, кеш пе Солтүстік Кореяның Аляска мен Гавайи ауқымды соққы жасауға қабілетті болатынына көз жеткізді. Бірақ, АҚШ бұл күннің келуін кешеуілдетуге күші жететінін де біледі. Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео (Mike Pompeo) аталған қауіпсіздік кеңесінің отырысында алғаш рет КХДР-дан келетін ұзақ мерзімді қауіп-қатерлер туралы баяндама жасады. Ол сөзінде: «Біз қалайда бір амалын тауып, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалары мен зымыран дамыту ісін тоқтатуға тиіспіз», – деді.
Дегенмен, АҚШ-тың танымал басылымы «Уашингтон пост» (Washington Post) жариялаған арнаулы мақалада «Уашингтондағылар әлде қашан уақыт жоғалтып алды» деп баға берді. Яғни, егер АҚШ 2018 жылы зымыран қорғаныс жүйесін толықтай жаңарта алса ғана, Солтүстік Кореядан келетін зымыран шабуылдарына тосқауыл қоя алады деп қарайды. Пентагон болса ұзақ жылдардан бері үнсіз күйде сақтық шараларын атқарып келе жатқаны анық. Айталық, теңіз бетінде зымырандарды ұстау құрылғылары бұрыннан бар. Егер президент Трамп шешім шығарса, теңіз бетінде зымырандарды ұстап жою құрылғыларын толықтай жаңартуды жүзеге асыра алады. Обама тұсында қабылданған желілік шабуылдар мен электронды соғыс технологиясын арқылы зымыран шабуыл жүйелерін қирату операцияларын да жүзеге асыруы мүмкін.
Ал, АҚШ-тың кейбір барлау қызметкерлері Солтүстік Кореяның зымыран қуатының артуы АҚШ-тың зымыранға қарсы жүйесінің дамуына жаңа орай жаратты деп қарайды. Қазіргі кезде Уашингтон билігі жаңа шараларға дайындалып жатқаны анық. Солтүстік Корея АҚШ-қа ядролық шабуыл жасау үшін де бұлтартпас себеп пен шарт-жағдайдың керек екенін аңғара алатын болса керек. КХДР шынымен де ядролық бағдарламалар мен баллистикалық зымырандарды дамыту ісінде жоғары нәтиже көрсеткен күннің өзінде, өз шамасын бағалай алатын болса, АҚШ-ты көзсіздікпен ядролық оқтұмсықтың астына алуға батылдық ете алмайды. Бұл әлемде бола ма, болмай ма деп күтілетін ядролық соғыстың ауылы шын мәнінде әлі де алыс екенін түсіндіріп тұр.