Барселонада Каталония тәуелсіздігіне байланысты референдум өткізуді талып етіп мыңдаған адам шеруге шықты.

Каталония басшысы Карлес Пучдемонның айтуынша шеруге 47 мың адам қатысқан көрінеді. Ал Барселона мэриясының мәліметінше алаңға 30 мыңнан астам адам шыққан.

Барселона халқының алдында сөйлеген Мюнхендік Бавария футбол клубының бұрынғы бапкері Пеп Гвардиола «Бізде басқа жол жоқ. Ресми Мадрид қолдаса да, қолдамаса да референдум өтеді.» деген.

Пеп Гвардиола және Карлес Пучдемон .

Естеріңізге салайық Каталония басшысы Карлес Пучдемон ресми Мадридтің келісімінсіз 9 маусым күні 1 қазанда референдум өткізетіндіктерін мәлімдеген болатын.

Референдумда Каталония халқы «Сіз Каталонияның республикалық басқару жүйесіндегі тәуелсіз ел болғанын қалайсыз ба?» деген сұраққа жауап беруі тиіс.

“The Qazaq Times”