АҚШ президенті Дональд Трамп  «Тепе-тең федералдық меже есеп» атты он жылдық мерзімге арналған бюджет жобасын ортаға қойды. Аталған жоба үкіметтің қоғамдық қамсыздандыру нысандары бөлген қаражаттар мен межеленген мерзім ішіндегі экономикалық өсімге иек артады. Жоба жарияланысымен,  сейсенбі күні Демократтар партиясы мен Республикашылдар партиясының бір бөлім мүшелерінің қарсылығына ұшырады.

Аляска штатындағы Республикашылдардың мүшесі Don Young:  «Жасырары жоқ,  бұл жоба іске қосылмай жатып,  жеңіліске ұшырады. Мен бұл бюджет жоспарының осы штаттағы екі ірі нысанды күшінен қалдыруын қаламаймын», – деді.

Бұл жобаға негізделгенде алдағы он жылда азық-түлік билеті $ 193 млн;  оқушылар несиесі $  143 млн;  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы төлемдер $ 7, 2 трлн;  ауыл шаруашылық жәрдемақысы $ 3, 8 трлн-ға азаюы керек екен.

Кентукки штатындағы республикашылдар өкілі,  бұрынғы өкілдер үйінің бюджет басқару комитетінің төрағасы Хал Рогрес (Hal Rogers) : «Аталған жоба ұсақ-түйек проблемаларды шешетін нәрсе емес,  қайта ол экономикалық ірі өсу процесіне қысым түсіреді де,  АҚШ-тағы ауылды жерлерді кедейлікке ұшыратуы мүмкін», – дейді.

Кейбір сарапшылар бұл он жылдық бюджет жобасы арқылы жалпы экономикадағы өсім бұрынғыдан баяуырақ болғанымен,  мемлекеттік ішкі кірісі артып,  үкіметті қуатты қаржымен қамдауға,  әскери салаға бөлінетін қаржыны көбейтуге болады дейді. Қазыналық істердің қандай да бір заңдылықтарын жілігін шағып, майын ішкен америкалық мамандардың әрбір болжамы Трамптың асығыс шешімдеріне дем беруі,  тіпті,  оның жоспарларын қайтадан түзіп шығуы мүмкін.

Трамптың айтқан әрбір сөздері мен атқару алдында тұрған саяси ойлары,  экономикалық жобалары АҚШ-тың ел ішінде де,  халықаралық қызғын тақырыпқа айналып отыр. Президенттерінің айтқанын бұлжытпай орындауға әдеттенбеген америкалықтар, ел тағдыры мен мүддесіне саятын әрбір қадамға сақтықпен,  сабырмен баратыны анық.

“The Qazaq Times”