"World Gold Council" сарапшылары ұсынған алтын қорына ие 100 мемлекеттің ішінде Қазақстан 21 орынды сақтап қалды. Еліміз 2016 жылы да осы орында болған.
Халықаралық сараптама ұйымы ұсынған мәліметтер бойынша Қазақстанның қорында 267,7 тонна алтын бар. Ал алтын валюталы резервтегі үлесі - 35,7%. Қор көлемі жөнінен Азия елдері арасында бесінші орында. Қазақстанның алдында 280 тонна алтыны бар Аустралия елі тұр. Ал ең соңғы орында Моңғолия.
Сонымен алтын қоры бойынша көш бастап тұрған алғашқы 25 ел мен ұйым мыналар: АҚШ, Германия, Халықаралық валюта қоры, Италия, Франция, Қытай, Ресей, Швейцария, Жапония, Нидерланды, Үндістан, Еуропаның орталық банкі, Түркия, Тайвань, Сауд Арабиясы, Ирландия және Ұлыбритания біріккен корольдігі, Ливан, Аустралия, Қазақстан. Бельгия, Филиппин, Венесуэла, Алжир.
Толығын төмендегі кестеден көре аласыз.

“The Qazaq Times”

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес