Сауд Арабиясы АҚШ-қа 40 млрд  доллар көлемінде инвестиция құймақ деп хабарлайды Bloomberg ақпарат агенттігі.

Bloomberg  мәліметінші 40 млрд доллар қаржыны Сауд Арабиясы кролдігінің ұлттық әл-ауқат қоры бөлмек. Бұл жайында ресми хабарды Дональд Трамп келесі аптада Сауд Арабиясына іс сапары кезінде айтуы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ-тың Сауд Арабиясына құны бірнеше миллиард доллар тұратын қару-жарақ жеткізуге байланысты келісім шартқа отырғандығы жайында айтылған болатын.

“The Qazaq Times”