2024 жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласы, Алмалық аудандық сотында қанды қаңтарға байланысты төр азаматқа үкім оқылды. Судья Ернар Қасымбеков сот залына журналистің кріне рұқсат етпей, залдағы бақылаушыны сыртқа шығарып жіберді.

Бақ өкілімен бақылаушыны, айыпталушының заңды қоғамдық қорғаушысын қатыстырмаған сотта  Қылмыстық кодекстік 272 бабы 1-2 бөлігімен, Қанатбай Арқабаев, 272-бап, 2-бөлігімен, Айқын Қызырбек, 272-бап, 2-бөлігі; 380-бап, 1-бөлігімен айыпталған Нұрсұлтан Рысқұлов пен Толыбай Жанзаковқа үкім оқылды.

Судья өзіне тағылған айыптармен келіспеген Артықпаевты бес жылға қамап, тағылған айыптарды толығымен мойндаған үш азаматқа 2022 жылғы 2 қарашадағы Тоқаев мырзаның шығарған рақымшылық заңымен сот залынан босатты.

Кіре берісте тұрған БАҚ өкілінің өтінішне құлақ салмаған судья сот залынан қанды қаңтар соттарын дерлік бақылап келе жатқан тәуелсіз бақылаушы Сүйіндік Алдабергенді де шығарып жіберді

Әуелі сот болмайды күтпей-ақ қойыңыз деп өтірік айтып артынша бетін көлегейлеген сот хатшысы мен өтінішімізді ескермей кеткен судьяның әрекеті туралы осындағы сот әкімшісінің бастғы Нұржан Нұрланұлы ашық сот үкіміне БАҚ өкілін жібермедің негізін түсіндіре алмады.

Сотты болған Артықбаевтың авокаты мен қоғамдық қорғаушысы сот үкімімен келіспейтін ешқандай дәлелсіз, жазықсыз соттағанын айтып апелляциялық сотқа шағымданатындарын жеткізді.

Қазақстан республикасының қылмыстық прцестік кодекісінің 29-бапында Қылмыстық iстердi талқылау барлық соттарда және сот сатыларында ашық жүргiзiледi. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі. Соттың үкімі және іс бойынша қабылданған қаулылар барлық жағдайларда көпшілік алдында жарияланады. Делінгенімен бұл сотта судья Ернар Қасымбековтың БАҚ өкілі мен сот бақылушысын жақтырмауы себепті соттан негізсіз шектеді.

Президент Тоқаев мырза 20 мың террорист келді деген 2022 жылғы қанды қаңтарда ресми дерек бойынша 238 адам көз жұмған. қаңтар оқиғасына байланысты соттар туралы жұрт арасында сот алды және сот тергеуі әділетсіз өтті. Жазықсыз адамдар сотталды деген пікір жиі айтылады.