Алматы қаласының әкімшілік соты 19 қыркүйекте "әуежайды басып алу" ісі бойынша өткен апелляциялық сотқа қатысқан екі белсендіге айыппұлсалып, ашық сотқа келіп, сот ғимаратына кіре алмаған азаматтарды тікелей эфирден көрсеткен белсенді, блогер Абзал Достияровты 15 күнге қамады.
Әуезов аудандық сотының ғимаратында Абзалды қолдауға келген Майра Ғабдулина өзін таң бозынан ұстап алып артынан 30 айлық көрсеткіште айыппұл салғанын айтты.
Онлайн өткен сотты қолдаушылары эфирден бақылады. Прокурор Достяровтың кәнісі толық дәлелденді деп санап судьядан оны 15 күнге қамауды сұрады. Ал, судья Абзал мен адвокатының көрсеткен дәлелдемелерін ескерместен 488 баптың 6 бөлігімен айыптты деп таныды.
Ашық сотқа кіре алмай онлайн бақылауға мәжбүр болған қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай Абзал Достярға қолдау көрсетіп президент Тоқаевқа ескерту жасады.
Әділ сот бақылаушысы Ринат Рапхат адвокаттың дәлелдемелерінің жеткіліксіздігін айтып, Достяровқа шыққан үкімді негізсіз деді.
Қоғам белсендісі Бекен Бисалиев Президент Тоқаевқа қазақ елін қайла алып бара жатсың? Бұның шегі бола ма деген ащы сауалын қойды.