АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу 22-27 сәуір аралығында Қырғызстан мен Тәжікстанда болады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының сайтында хабарланды, -деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Ресми мәлімет бойынша, америкалық дипломат Бішкекте үкімет өкілдерімен кездесіп, "екі ел арасындағы және аймақ мақсаттарын шешу" мәселелерін талқылайды.
"Мемлекеттік хатшының көмекшісі Лу экономика жетекшілерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, Құрама Штаттардың Қырғызстан экономикасын қолдау әдістерін талқылайды. Сонымен бірге, әйелдер мүмкіндігі, адам құқықтары және баспасөз еркіндігі сөз болады", - деп хабарлады Мемлекеттік департамент.
Одан соң Лу Душанбеге барады. Тәжікстан астанасында екі ел арасындағы әріптестік, соның ішінде қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Мемлекеттік департамент мәліметінше, Дональд Лу БАҚ пен азаматтық қоғам өкілдерімен де кездесіп, "баспасөз еркіндігінің, мықты азаматтық қоғам қалыптастырудың маңыздылығын" айтады.
Бір жылға жуық уақыт бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу аймақ елдеріне сапары аясында Тәжікстанға да соққан. Сол кезде Душанбеде Тәжікстан мен Құрама Штаттар арасында тоғызыншы рет саяси пікір-алмасу ұйымдастырылған. Тәжікстанға сапарының аяғында Дональд Лу Азаттық радиосының Тәжік қызметі - Озоди радиосына сұқбат берген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі